Мәдениет жаңалықтары. 29 мамырдағы шығарылым

yt 124 . 29  - Мәдениет жаңалықтары. 29 мамырдағы шығарылым

– Елордалық өнер сүйер қауым ерекше кештің куәгері болды. Жиналған жұрт «Астана Опера» сахнасынан – әдеттегідей театр өнерпаздарын емес, қарағандыдан келген музыканттардың өнерін тамашалады. Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі симфониялық оркестрі жан тебірентер жауһар туындылармен тыңдармандарды тамсандырды.

– Астаналық галереялардың бірінде ерекше көрменің тұсауы кесілді. Қабырғаға ілінген картиналар бұрынғыдан бөлек. Себебі, олар қиындылардан құралған. Туындылар топтамасы 5 жыл бойы жинақталған. Олар қос суретші: Ғалым Маданов пен Зәуреш Терекбайдың жұмыстары. Шараға «Cool Age» деп айдар таққан авторлар келушілердің назарына 80-ге жуық картинасын ұсынды.

– Елордалық өнер сүйер қауым «Өмір жолы» атты ерекше концертті тамашалады. «Астана концерт залын» ән мен жырға бөлеген – «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы. Ұлттық музыканы дәріптеген ұжым – бұл жолғы кешті – атақты күйші, композитор, қобызшы Ықылас Дүкенұлының 175 жылдығына арнады. Подписывайтесь на «Хабар 24»:
https://www.youtube.com/c/tv24kz
Наш сайт – https://24.kz
Facebook – https://www.facebook.com/tvkhabar24/
Instagram – https://www.instagram.com/tvkhabar24/
Telegram – https://t.me/tvkhabar24
Twitter – https://twitter.com/tvkhabar24
Vkontakte – https://vk.com/tvkhabar24

Бейненің шығу тегімұнда

Қазақстан Жаңалықтары
Халықаралық жаңалықтар
Бизнес жаңалықтары
Мәдениет жаңалықтары
Спорт жаңалықтары

Басты бетке оралу

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *