Қазақстан және әлем жаңалықтары, сараптама, инфографика; “TÚRKISTAN” gazeta (04.04.2019)

yt 336 TRKISTAN gazeta 04.04.2019 - Қазақстан және әлем жаңалықтары, сараптама, инфографика; "TÚRKISTAN" gazeta (04.04.2019)

“Түркістан” халықаралық саяи басылымының видео-нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз:

“Сәуір болмай, тәуір болмайды” деген тәмсіл текке айтылмаса керек?! Біз газетіміздің әр нөмірінде оқылымды, әлеуметтік маңызы бар, халықаралық өзекті тақырыптарды қаузауға тырысамыз. Көзі қарақты оқырман аңғарып жүрген де болар?!

Осы аптадағы кезекті санға (№13) аңдатпа:

1. Президенттің шетелге тұңғыш сапары;
(РФ Президенті Владимир Путинмен болған ресми кездесу туралы, тарихи кездесудің мәні жайында оқи аласыз);

2. Ахмет Өмірзақ: Болонның берері не, қиындығы қандай?;
(“Болон декларациясы” туралы ізденіп, мамандар пікірін ортаға салған тілшіміз тәп-тәуір сараптамалық мақала жазды. Көтерген негізгі мәселе мемлекет қаржысына PhD докторантурада оқыған кей “ғалымдар” неге оны қорғай алмауда. 3 жыл барын салған маманның қолын не байлап тұр?);

3. Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ: Әкімдердің офлайннан онлайнға ұмтылысы;
(Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңір әкімдерін халықпен жақын болуы үшін, әлеуметтік желіге тіркелуге жақырған-ды. Д. Мыңжасарқызы тақырыпты тереңінен қаузаған);

4. Ұзақбай ДОСПАНБЕТОВ: Бір ерліктің ақиқаты;
(Ақтар қозғалысының қатысушысы генерал-лейтенант атаман Дутов жайлы деректер көп. Бірақ “оның көзі қалай жойылды” деген тақырып әр кезде де өзекті, қызықты. Ұзақбай ағамыз осы тақырып төңірегінде біраз қалам тербеген);

5. Гүлбану МАЙҒАРИНА: Жас кәсіпкер, сенім – сенің алтын кенің; (сұхбат)
(Журналист Арман Құдайберген сұхбаттасқан кейіпкеріміз бір жыл ішінде қазақстандық 8 мейрамхана ашып, оның франшизасын Ресейге сатып үлгерген. Алдағы 1-2 жылда мейрамханалар санын елуге жеткізіп, Еуропаны бағындырмақ екен);

P.S: “Теңізден тамшы” дегендей біз атап өткен мақалалардан бөлек, газет ұжымы апта бойы атқарған еңбекті https://turkystan.kz/ сайтынан оқи аласыз. (Ең арзан әуе билеті мен 425 мың теңгенің “жыры” да сол жерде)

Бейненің шығу тегі мұнда

Қазақстан Жаңалықтары
Халықаралық жаңалықтар
Бизнес жаңалықтары
Мәдениет жаңалықтары
Спорт жаңалықтары

Басты бетке оралу

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *